Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Осындай тақырыппен «Алтын-Ай» балабақшасында бөбектерді табиғатты сүюге тәрбиелеу, жыл мезгілдерінің еркшеліктерін ұғындыру, өнерге қызықтыру арқылы сөздік қорларын молайту мақсатында ертеңгілік ұйымдастырылды.

Онда кіші «Құлыншақ» тобының балақайлары былдырлаған бал тілдерімен кезекпе-кезек күз туралы жаттаған өлеңдерін оқыды. Енді бір сәтте терек жапырақтарының сыбдыры естіліп, әдемі әуен ырғағымен аяғын сәндене билеп басып, Күз ханшайымы жарқ етіп көрінді. Қолында жеміске толы себет,үсті-басы сарыала жапырақ, басында жеміс тағылған әдемі тәж. Кішкене бүлдіршіндер аң-таң.

Күз ханшайымы одан сайын бөбектердің қызығушылығын арттыра түсті. «Құлыншақ» кіші тобының тәрбиеленушілерімен «Егін жинап аламыз» ойынын ұйымдастырды. Бүлдіршіндер де өз өнерлерін ортаға салып, «Жапырақтар» биін биледі. «Кім тез?» ойыны да балалардың ойлау қабілетін шыңдауға септігін тигізді. Түрлі жемістер туралы жұмбақтар да кішкене бүлдіршіндерді біраз ойландырды. Ата-аналарымен бірлесіп, «Қандай жеміс» ойынына белсенді қатысқан бөбектер мәз-майрам. «Шалқан» ертегісі де тыңдаушыларын бей-жай қалдырмады. -Күздің кереметі, оның байлығы өте көп. Біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбектену керек. Осы алтын күз баршаларыңыздың отбасыларыңызға бақ-береке әкелсін! ,-деген ізгі тілекпен осы шараны ұйымдастырушы балабақша тәрбиешілері К.Дүйімбаева мен В.Мұқанова ойларын түйіндеп, ертеңгілікті тәмамдады.

Э.АНАРБЕКОВА,

ата-ана.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.