Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Азаматтық қоғамды қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдарға да ауқымды міндеттер жүктелген.

Елбасының өзі мұндай қоғамдық құрылымдардың жұмысын жандандыруға ерекше назар аударып келеді. Соңғы кездері әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнайы жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытып жүрген «Ақжол» Махамбет мүгедектер қоғамы» «Шұғыла» мөлтек ауданындағы «Эльза» дәмханасында «Отбасым-бақытым!» атты тағылымды шара ұйымдастырды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сисенов сөз алып, отбасылық өмірдің құндылықтарын дәріптеп, жанұя жарасымдылығын, береке-бірлігін насихаттауды көздейтін шараның маңыздылығына тоқталды. Шараға қатысушы жас отбасылар Мүсепов Ақылбек зайыбы Қатирамен, Хамидуллин Алмас жан жары Қарлығашпен, Зұлқашев Сейілбек сыңары Әселханмен ортаға шығып, отбасылық сайыс шартына сай өз өнерлерін ортаға салды. Шараға құрметті қонақ ретінде қатысып отырған аға буын өкілдері ерлі-зайыпты Сисенов Қобыланды мен Қосжанова Сұлушаш, Абдрахманова Нұрбибі мен Байтанатова Жібек апай жас отбасыларға ақ баталарын берсе, өз кезектерінде таныстыру рәсімін жасаған жас келіндер ата-баба дәстүрімен сәлем салды. Қонақ күту, ас мәзірін дайындау шеберліктерін паш етіп, өздері дайындаған тағамдарын әділ қазылар алқасына ұсынды.

Сайыстың келесі бөлімінде жас отбасылар өз өнерлерін көрсетті. Бірі әсем әуен ырғағымен жұптасып вальс билесе, келесісі жанды дауыста ән салды. Спортқа бейімділігін танытқандар да болды. Қазылар алқасының төрайымы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ә.Сейілова тапқыр, өнерлі, үлгілі отбасы аталымдары бойынша жеңімпазарды анықтап, байрақтарын тапсырды. Шараны ұйымдастырушы, «Ақжол» Махамбет мүгедектер қоғамының» басшысы Қ.Құрмашев қорытынды сөз сөйлеп, барлық қатынасушыларға өзінің алғыс сезімін білдірді.

Н.Тельман.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.