Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Соңғы жылдары аудан орталығы – Махамбет ауылының инфрақұрылымдары жаңартылып, абаттандыру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінуде.

Кезінде дұрыс күтім жасалмай, қараусыз қалған жасыл белдеуді күтіп-баптау жұмыстарын конкурс жеңімпазы «Тұрмысқызмет» ЖШС-і қолға алғаннан бері ауылды сыртынан орап жатқан жасыл бақтың бағы жанып, тынысы ашылғандай. Қураған ағаштар кесіліп, діңіне құшақ жетпейтін алып емендердің түбі қопсытылып, ақталып, мал кірмес үшін бұрынғы қоршаулары қайтадан жаңартылды.

Ал, өткен аптада аудан бойынша ұйымдастырылған ағаш отырғызу сенбілігінде жасыл белдеудің сиреп қалған тұстарына 500 түп тал отырғызылды. Сондай-ақ, «Танайс» мейрамханасы маңайындағы бос жерге де 500 түп қара ағаш отырғызылып, сол бойда суарылды. Алдын ала ағаш отырғызылатын орындар белгіленіп, онда көркейту-көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын мекемелерге бөлініп берілді.

Ағаш отырғызуға арналған сенбілікте бұлардан басқа аудандық жылжымайтын мүлік және кадастр бөлімінің оң жақ қапталында орналасқан шағын саябаққа 30 түп, «Шұғыла» мөлтек ауданына кіре берістегі саябақтың оң қапталына 70 түп, сол қапталына 60 түп ағаш отырғызылды. Сонымен қатар орталық көшеде орналасқан «Нарын» базарының маңайы, Ерғалиев көшесіндегі шағын саябақтар қосымша жасыл желекпен толықтырылды. Сарытоғай ауылындағы "Ардагер" саябағына 40 түп тал егілді. Ағаш отырғызу сенбілігіне аудан бойынша отыздан астам мекеме, ұжымдар қатысып, туған ауылдарын көркейтіп, көгалдандыруға бір кісідей атсалысты.

Н.ТЕЛЬМАН.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.