2019 жыл: Зейнетақы жүйесінде не өзгерді?

Елімізде зейнетақы өскенімен оған сәйкес әйелдердің де зейнеткерлік жасына алты ай қосылып, биылғы жылы 59 жастан бастап шығады. «БЖЗҚ» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Джансариева мен облыстық филиалдың барып қызмет көрсету бөлімінің бастығы Гүлайым Буранбаева ауданымызға келіп, зейнетақы жүйесіндегі өзгерістермен таныстырды.

Аудандық мекеме-ұйымдардың басшылары, есепшілер мен кәсіпкерлер қатысқан жиында еліміздегі көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі мен жаңадан енгізілген, инвестициялық қызмет, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік жөнінде баяндалды.

БАЗАЛЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ

Бұл зейнет жасына жеткен барлық азаматтарға тағайындалады. Егер бұрын оның мөлшері барлық азаматтарға еңбек өтіліне қарамастан бірдей 15 274 теңге белгіленіп келсе, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап оны есептеу тәртібі өзгерді. Енді базалық зейнетақы еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Егер азаматтың еңбек өтілі жоқ болса немесе 10 жылға жетпесе, базалық зейнетақының көлемі төменгі күнкөріс шегінің 54 пайызын құрайды. 2018 жылы базалық зейнетақының төменгі деңгейі 15 273 теңгеге тең. Еңбек өтілі 10 жылдан асса, әрбір жыл үшін қосымша 2 пайыз қосылады. Еңбек өтілі 33 жылға жеткен жағдайда ең жоғарғы базалық зейнетақы тағайындалады. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 28 284 теңгеге тең.

ОРТАҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ

Ортақ зейнетақыны тағайындау кезінде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Себебі, осы мезгілден бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өттік. Ортақ зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай еңбек өтілі бар тұлғаларға тағайындалады. Егер еңбек өтіліңіз осы шартқа сай болса, жинақтаушы зейнетақымен қатар базалық және ортақ зейнетақы аласыз. Оның көлемін есептеу үшін 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңіз және 1995 жылдан бастап кез келген 3 жыл қатарынан орташа айлық табысыңыздың көлемі есептеледі. Орташа табыс көлемі 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ға 10% жарна төленген табысқа сай есептеледі. Ортақ зейнетақыны толық көлемде алу үшін еңбек өтілі: Ерлер үшін – кем дегенде 25 жыл (1959 жылға дейін туылғандарға); Әйелдерге кем дегенде 20 жыл (1965 жылға дейін туылғандарға). Еңбек өтілі бұл мерзімнен аз болса, зейнетақы төлемдері тиісінше азаяды.

Мақаланың толық нұсқасы газетіміздің №11 14 наурыздағы санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521