Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Республикалық желілік кестеге сәйкес, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, аудандық Әділет басқармасы және де Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлескен түрде «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді.

 

Акцияға Әділет басқармасының басшысы Н.Күзембаев, ХҚКО басшысы Б.Мұхамбетқалиев, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі А.Құрманберлиева, БАҚ өкілдері де қатысты. Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өткізілген акцияға түрлі сауалдармен келген ауыл тұрғындарына тегін заңды тұрғыда кеңестер берілді. Әсіресе, жер мәселесі мазалап келген Бақсай, Алмалы ауылдық округтерінің тұрғындарына құжаттама жөнінде ақпарат беріліп, тиісті орындарға сілтеме жасалды.

«Заңды білмеу ешкімді жауапкершіліктен құтқармайды» деген қағиданы берік ұстанған акцияның ұйымдастырушылары осындай игі шаралардың арқасында бір тұрғынның болса да мәселесі шешіліп, дұрыс ақпарат жеткізілсе, үлкен жетістік деп санайды.

Айнұр САТАЕВА.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.