Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Ақтау қаласында Дзюдо күресінен 2002-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Б.Ақшабаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Тамыры Жапониядан таралатын дзюдо күресі төрткүл дүниеге кең таралған жекпе-жек түрі. Елімізде, оның ішінде ауданымызда да күрестің бұл түріне қызығушылық танытушы жасөспірімдер жыл өткен сайын артып келеді. Облыстық, республикалық, тіпті халықаралық жарыстарға барып, жүлделі оралып жүрген балғын спортшыларымыз да баршылық.

Жоғарыда аталған турнирге еліміздің барлық облыстарымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан да командалар қатысты. Турнирде О.Шонаев орта мектебінің түлегі, Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің 2 курс студенті К.Жолшиева 57 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын алса, ұлдар арасында 46 кг салмақ дәрежесінде Е.Ағелеуов орта мектебінің 9-сынып оқушысы А.Пастухов ІІІ орынға ие болды.

Б.СҮЙЕУОВА.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.