Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Жақында ауданымызда бокс мектебінің алғашқы негізін қалаушылардың бірі, еңбек және спорт ардагері Алфарит Хисымұлы Жұмалиевты еске алуға арналған 2005-2006, 2007-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир болып өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында еңбек және спорт ардагері, Махамбет ауданының «Құрметті азаматы» Ж.Сұлтанов, аудандық спорт бөлімінің басшысы Е.Андашев, А.Жұмалиевтың жұбайы Н.Рахатқызы және шәкірті, бокстан спорт шебері О.Нұрханов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ауданымызда үшінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Мақат, Құрманғазы, Индер және Махамбет аудандарынан 40-қа жуық спортшы қатысты. Үш күнге созылған турнир нәтижесінде командалық есеппен I орынды Махамбет командасы, II орынды Мақат, III орынды Индер, IV және V орынды Ақжайық пен Доссор командалары иеленді. Жеңімпаз атанған командаларға кубок пен медальдар табысталды.

Б.Сапарова.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.