Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Ауданымызда бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бірқатар игі шаралар қолға алынуда.

Соның куәсіндей кеше ғана аудан орталығынан «Ер жүректілер» қоғамдық қорының басшысы Мұхадия Қуангереев пен жұбайы Гүлден Утебалиеваның бастамасымен жаңа спорт клубы ашылды.

Ерлі-зайыпты алдымен кәсіп ашудың қыр-сырын үйрететін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алады. Одан кейін «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған «Жарқыра» бағдарламасына ұсынған жобалары үздік деп танылып, 1 млн. 360 мың теңге көлемінде қаржылай грантына ие болған.

Облыстық мүгедектер спорт клубының жанынан құрылған Махамбет аудандық тоғызқұмалақ ойынынан әдіскер Мұхадияның бүгінде 30 шәкірті бар. Соның бірі Жалғансай ауылының тұрғыны 18 жастағы Аружан Ғинаятова биылғы жылы тоғызқұмалақтан спорт шеберіне үміткер атағын иеленіп, аудан мерейін асқақтатты.

Үстел теннисі, шашка, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары бойынша қызмет көрсететін спорт клубының ашылу салтанатында Махамбет ауылдық округ әкімі Басерат Мыңбаев, және «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қорының облыстағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау «Жарқыра» бағдарламасының Атырау қаласындағы координаты Ирина Горбаченко сөз сөйлеп, салтанатты түрде клубтың лентасын қиды.

Аталған клубтың ашылуына қолдау көрсеткен, спорт жанашырлары Гүлнара Иманалиева мен Бауыржан Бақытұлына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Амангелді Сисенов аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті. 2015 жылы Павлодар қаласында өткен үстел теннисінен ІІІ орынды иеленіп, спорт шеберіне үміткер атағын алған Мұхадия мен аяулы жары Гүлден бүгінде 3 баланы тәрбиелеп отыр. Жас отбасыға қолға алған кәсіптеріңіздің нәсібін көріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.

Б.САПАРОВА.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.