Жас ұрпақты шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу – бұл бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта ауданымыздағы білім беру ұйымдарында түрлі спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылып жүр. Соның бірі “Балдырған” бөбекжайында өткен «Спорт – жан серігі» атты сайысты атауға болады. Тәрбиешілерден құралған «Мәңгілік ел» және «Шаңырақ» командалары он сайыс түрінен сынға түсті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жарысқа түскен екі команда мүшелері де жеңіс тұғырынан көрінуге барын салды. Тартысты да қызықты сайысты тамашалауға келген ата-аналар өз командаларына қолдау көрсетіп, жанкүйер болды. Әділқазылар алқасының шешімімен «Мәңгілік ел» командасы жеңімпаз деп танылып, дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Г.ОРЫНБАСАРОВА,

бөбекжай әдіскері.

Бейбарыс ауылы.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.