Смотрите кино онлайн бесплатно
http://kinofank.ru

Әлеуметтік сала қызметкерлерінің төл мерекесіне орай аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық V-ші спартакиада өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Гүлнара Зинеденова қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күнге созылған спорттық жарысқа облыстық және қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар( және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі) басқармалары, облыстық мүгедектерді сауықтыру және №1, №3, №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметкерлері белсенді атсалысты. Спорттық сайыста ерлер мен қыздар арасында үстел теннисі, 100 және 400 метрге жүгіру, шахмат, дойбы және командалық футбол мен волейболдан сынға түсті. Нәтижесінде оқ бойы озық шығып, тамаша өнер көрсеткен командаларға салтанатты түрде дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Атап айтсақ, жүлделі I орынды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы иеленсе, II орынға қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі лайық деп танылды. Ал, №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұжымы III орынға табан тіреді.

Б.Сапарова.

Махамбет селосы, Абай көшесі 10.

тел. 2-11-34, 2-13-49

Факс: 2-11-34

zhayk-shugylasy@mail.ru

 

© 2018 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

            Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.